Блог статистикасы
195
Жазбалар
4887
Өтініштер
190614
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

1.     Жалпы ережелер

 

1. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) еңбек қатынастары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің  еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 

3. «Қостанай облысы әкімдігінің  еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.

4. Қостанай облысының әкімдігі «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

Құрылтайшы«Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жедел басқаруындағы мүліктің меншік иесі болып табылады.

Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді заңнамада көзделген тәртіппен Құрылтайшы жүзеге асырады. 

5. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 

6. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен бекітілген Жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.

7. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiгі болса, азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабынан мемлекеттің атынан сөз сөйлеуге құқығы бар.

8. «Қостанай облысы әкімдігінің  еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Қостанай облысы әкімдігінің  еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

9. «Қостанай облысы әкімдігінің  еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

10. «Қостанай облысы әкімдігінің  еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Майлин көшесі, 2А үй.

11. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тілдегі толық атауы:   «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

«Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орыс тіліндегі толық атауы: «Управление по инспекции труда  акимата Костанайской области». 

12. Осы Ереже «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады. 

13. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.

14. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен   шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған табыс мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

 

2.     «Қостанай облысы әкімдігінің  еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

 

15. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты іске асыру.

16. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні  еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

17. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсаты еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

18. Міндеттері:

1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2) өз құзыреті шегінде өндірістегі жазатайым оқиғаларды   тергеп-тексеру және азаматтардың құқықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;

3) ұжымдық шарттарды жасасуға мониторинг жүргізу.

19. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;

3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;

5) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;

6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;

7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;

8) қызметкерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;

9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;

10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзiрлейдi және бекiтедi;

11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе базасында кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау ахуалына жүргізілген мониторингтің нәтижелерін ұсынады;

12) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді;

13) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;

14) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.

20. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары:

1) «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіру;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;

3) «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

21. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының  нормаларын сақтау;

2) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ  облыс әкімі мен әкімдіктің актілері мен тапсырмаларын   уақытылы және сапалы орындау.

 

 

3. «Қостанай облысы әкімдігінің  еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

22. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және онымен өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап беретін бiрiншi басшы жүзеге асырады.

23. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын Қостанай облысының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

24. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.

25. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының өкілеттіктері:

 1) өз орынбасарларының және «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерінің шеңберін анықтайды; 

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан  босатады;

3) «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; 

4)  заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;

5) «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды; 

6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық қарым-қатынастарды «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан жасайды; 

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қолданбағаны үшін дербес жауап береді;

8) «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, қызметкерлердің белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;

9) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты жүзеге асырады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да  өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

26. Бірінші  басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға  сәйкес анықтайды. 

 

 

4.     «Қостанай облысы әкімдігінің  еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

27. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк есебiнен  қалыптастырылады.

28. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай облысы әкімдігінің  еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.         

 

 

5. «Қостанай облысы әкімдігінің  еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

30. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

хат жіберу