Блог статистикасы
196
Blog
2553
Апелляциялық
108701
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Баспасөс парақшасы
04-08-2016

А.ж. 8 сәуірінде сағат 10.00 басқарма  басшысы М.В.  Моргуновтың  төрағалық  етуімен  2016 жылдың  1-ші  тоқсаны  бойынша  жұмыс  нәтижелері,  «ҚР мемлекеттік  қызмет  туралы» заңын және  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  әрекет  ету  туралы» заңын сақтау   мәселелері    бойынша  семинар-кеңес  өткізілді.

Семинар-кеңеске  Қостанай  облысы  бойынша  жемқорлыққа  қарсы  әрекет  ету  жөніндегі  ұлттық  бюро  департаментінің (Жемқорлыққа  қарсы   қызмет) төрағасы, ҚР  мемлекеттік  қызмет  істері  бойынша  Министрліктің Қостанай  облысы  бойынша  департаментінің  өкілі, бөлім  басшылары  және  басқарманың  мамандары  қатысты. 

 Семинар   өткізу  барысында  еңбек  инспекциясы   жөніндегі  басқарма  жұмысының  негізгі   нәтижелері айтылды, басқарманың қызметіне  қатысты  мәселелер, кадрлық  іс  жүргізу және  атқарушылық  тәртіп   мәселелері   талқыланды.   

Өз  сөз  сөйлеулерінде   Жемқорлыққа  қарсы  қызмет  және  мемлекеттік  қызмет істері  жөніндегі  Министрлік департаментінің қызметкерлері  мемлекеттік  қызметкерлердің этикалық  кодексін және «Жемқорлыққа  қарсы  әрекет  ету  туралы» заңын  бұзу фактілерін   келтірді, мемлекеттік  органдарда   жемқорлық   көрінуін  болдырмауға  бағытталған  бейнероликтер   көрсетілді.

Семинар  аяқталған  кезде  барлық  қатысушыларға  жоғарыда  көрсетілген  заңдарды  сақтау  бойынша   нақты  ұсыныстар  берілді. 

хат жіберу